kz

RU
EN
KZ
«Жұлдыз» турниріне «Астананың» қыздар командасы қатысты
08 нау 2024

«Астана» футбол клубының 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Алматыда өткен «Жұлдыз» республикалық турниріне қатысты.

Топтық кезеңдегі төрт кездесуде үш жеңіске жеткен біздің команда «Томирис-Тұран» (1:0), «Оқжетпес» (2:1) және «Ақжайық» (4:0) клубтарын ұтты.

Өкініштісі, елордалық қыздар турнирдегі 1-ші және 3-ші орын ойнатылған матчтарда гол санына байланысты топтан шыға алмады.

Жарыс қорытындысы бойынша елордалық команданың қақпашысы Каролина Гук турнирдің үздік қақпашысы жүлдесін иеленді.

Бас серіктес