kz

RU
EN
KZ
Астаналықтар жасөспірімдер құрамасына шақырту алды
09 ақп 2024

Біздің клубтың 6 мүшесі еліміздің жасөспірімдер құрамасына шақырылғанын мақтанышпен хабарлаймыз! Олар - U-17 құрамасындағы 4 аяқдопшымыз және жастар клубының 2 тәжірибелі жаттықтырушысы.

Бұл біздің жастармен жасалған жұмыстың сапасына деген дәлел. Біз әрбір ойыншымыз бен бапкерімізді мақтан тұтамыз және олардың халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғайтынына сенімдіміз.

Шақырту алған ойыншылар мен жаттықтырушыларды құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта жастар құрамасының сапында көрсетер өнеріне сәттілік пен жеңіс тілейміз!

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес