Ференц осыған дейін қазақстандық клубтардың қатысуымен өткен сырт алаңдағы екі ойында қызмет атқанған болатын. Ең алғаш рет жастар арасындағы Еуропа Чемпионаты аясындағы Люксембург – Қазақстан кездесуінде, одан кейін Еуропа Лигасы іріктеу кезеңі аясындағы «Широки Брег» - «Ордабасы» арасындағы матчта ойынның бас төрешісі қызметін атқарған.
Карако осы жылы Қазақстан Ұлттық құрамасының Болгарияға қарсы өткізген жолдастық кездесуінде де төрелік еткен.
35 жастағы венгриялық қазыға алдағы ойында оның жерлестері Иштван Альберт пен Петер Кобор көмектеседі.
Еске сала кетейік, ойын 11 шілде күні кешкі сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.