«Астана» шабуыл шебіне лайықты ойыншы табу үшін үлкен іріктеу жұмысын жүргізіп жатыр. Алайда, командаға жылдам бейімделіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті, шеберлігі мықты шабуылшы табу өте қиын.
Біз «Аль-Наср» (Сауд Арабиясы) командасының басшылығымен осыған дейін «Астана» сапында өзін дәлелдеп үлгерген Жуниор Кабананганы жалға алу үшін күрделі келіссөздер жүргіздік. Команда бапкерлер құрамы Жуниордың кандитатурасын лайықты деп қабылдап, біз «Аль-Наср» командасынан Кабананганы 1 жылға, яғни 2019 жылдың шілдесіне дейін жалға алу туралы келісімге қол қойдық. Ал Кабананга өз кезегінде «Астананың» алдына қойған мақсаттарына жетуі үшін көмектеседі деген сенімдеміз.
Кабананга – барлығымызға өте жақсы таныс шабуылшы. Біздің клубтың еуропалық жетістіктері оның есімімен тікелей байланысты. Жуниор өзінің жеке шеберлігін еуропа ареналарымен қатар, 2017 жылғы Африка Ұлттар Кубогында сұрмерген атану арқылы дәлелдеген болатын.
Жуниордың біздің қазіргі құрамдағы біршама ойыншылармен алаңдағы өте жақсы түсіністігі қалыптасқан. Барлығымызға оның ойын мәнері жақсы таныс. Кабананганың «Астана» сапына бейімделуіне өте аз уақыт кетеді. Жуниор Астана қаласын және Қазақстанды өте жақсы көреді және оны біздің жанкүйерлер өте жоғары бағалайды. Тіпті, ол біздің жанкүйерлердің сүйікті ойыншысы деуге болады.
Жуниордың біздің команда сапына ауысуы туралы «Аль-Наср» футбол клубымен жүргізілген келіссөздеріміздің сәтті аяқтағанына өте қуаныштымыз.