18 жастағы қорғаушы өзінің жасыл алаңға оралуы туралы клубтың баспасөз қызметіне айтып берді:
- Біз өте жақсы ойын көрсеттік. Ойын барысын толықтай бақылауда ұстадық. Бүгінгі кездесуде ұпай алу үшін, шабуыл шебінде сәттілік жетіспеді.
- Жарақатыңа байланысты ұзақ уақыт алаңға шыға алмадың. Қазір өзіңді қалай сезініп жатырсың?
- Қазіргі жағдайым өте жақсы, өзімді жақсы сезінудемін. Алаңға қайта оралғаныма қуаныштымын.
- Ұзақ уақыт футболдан тыс қалу қаншалықты қиын болды?
- Команданың жанында болғанымен, алда әлі де 7-8 ай уақыт алаңға шыға алмайтыныңды түсіну өте қиын. Осы тұрғыдан алғанда оңай болған жоқ. Менің жақындарыма, туыстарыма, командаға, бапкерлер құрамына және осы аралықта маған қолдау көрсеткен жандардың барлығына ерекше рахмет айтамын. Осы жандардың арқасында қиындыққа бой алдырмай, керісінше мен қазір футбол ойнап жүрмін.