— Ойын нәтижесіне қарасақ, жеңіс оңай келгендей көрінуі мүмкін. Менің ойымша, біз өз голдарымызды қажетті уақытта соғып, лайықты нәтижеге қол жеткізе алдық.
— Өткен турлардағы сәтсіздіктердің себебін айта аласыз ба?
— Біз көп кездесуде шабуылды соңына дейін жеткізе алмай жаттық. Бүгінгі ойыннан байқағандарыңыздай, егер біз өз мүмкіндіктерімізді лайықты пайдалана білсек, ойын нәтижесі біздің пайдамызда болары сөзсіз.
— Құрама сапындағы ойындардан кейін, клубтағы кездесулерге ауысу қиын болған жоқ па?
— Бұл жерде себеп өте көп, уақыт айырмашылы, ұзақ қашықтық... Дегенмен, бұл қалыпты жағдай. Мен көп жылымды осылай өткеріп келемін. Сондықтан, ешқандай қиындық жоқ.
— Украинаға қарсы кездесудегі ірі жеңіліс туралы пікіріңізді білдіре аласыз ба?
— Оһ... Дәл ондай тек бір мәрте ғана рет орын алады. Сен ол жерде ештеңе де өзгерте алмайсың. Қарсылас команда бізден айтарлықтай басым дей алмаймын. Алайда, нәтиже солай болды. Дегенмен, біз ол ойыннан кейін тез арада қалыпқа келіп, Литваға қарсы кездесуде жеңіске жеттік. Әрине, үш ұпай жоғалтқанымыз өте өкінішті.
— Бұл қиын жағдай болды ма?
— Иә. Егер жарыс деңгейін ескеретін болсақ, - бұл ауыр жеңіліс. Дегенмен, футболда барлығы болуы мүмкін. Сербияда дәл осы жеңілістен кейін теріс пікірлер көп айтылды. Бұл қалыпты жағдай. Ойыншылар, бапкерлер құрамы біршама сөз естеді.
— Лука Шимунович екінші ойын қатарынан негізгі құрамда алаңға шыққанымен, журналистерге сұхбат беруден бас тартып келеді. Мүмкін, ол футболшы туралы Сіз айтып бересіз?
— Ол жақсы ойын көрсетті. Лука жас. Бұл клуб үшін өте жақсы. Ол алдағы уақытта өзін дамытуы қажет. Екі ойын өткізді, үйреніп, бейімделіп жатыр. Менің ойымша, ол алдағы еурокубоктерде көп көмегін тигізеді.
— «Астана» қателік жасамау үшін не істеу керек деген сауалға жауап тауып үлгерді ме?
— Кез-келген ойын қателіктерден тұрады. Біздің басты мақсатымыз – сол қателіктердің санын азайту. Егер біз қателік санын азайта алсақ, барлығы жақсы болады.