Аталмыш кездесуде елорда командасының қорғаушысы Абзал Бейсебеков негізгі құрамда алаңға шығып, осылайша еурокубоктердегі «Астана» сапындағы 45-ші ойынын өткізді.
Бейсебеков осы көрсеткіштер бойынша экс-әріптесі Жуниор Кабананганы қуып жетіп, клуб тарихында еурокубоктер аясында өткізген ойындар саны бойынша үздіктердің бестігіне енді.
Абзал осы 45 ойында 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Абзалдан бөлек, үздік бестікте Дмитрий Шомко (54 ойын), Ненад Эрич (54), Серікжан Мужиков (50) және Марин Аничич (49) бар.