kz

RU
EN
KZ
Григорий Бабаян: «Жігіттер өте сауатты қорғана да, күресе де білді» 
04 мам 2024

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Ақтөбеде өткен ойынға қатысты ойын ортаға салды:

«Күрделі ойын, әсіресе алғашқы 15 минут өте ауыр болды. Қарсыластың жанкүйерлері ерекше атмосфера жасай алды, кез келген команда үшін бұл жағдайда ойнау қиынға соғады. Бейімделіп, ойыншымыз алаңнан қуылғанға дейін матчта басымдық танытып, гол да соқтық. Ал екінші таймда мұндай командаға қарсы он адаммен төтеп беру, қорғану мехнатты іске айналды, қарсыласқа есеп ашуға жол бермей ойнау мүмкін болмады, доп өткізіп алдық. Қуаттың алаңнан қуылғанын ескерсек, тең нәтижеге де тоқпейіл боламыз. Оған қоса, кеше Осей ойыналды жаттығу кезіндк жарақат алды, сол себепті мәселе де туындады. Бастысы, жігіттердің ерік-жігеріне алғыс айтқан абзал, олар өте сауатты қорғана да, күресе де білді».

Бас серіктес