kz

RU
KZ
«Астана» жасөспірімдері «Таразға» қарсы екі ойында жеңіске жетті
QJ League 15 - турында «Астана»«Тараз» жасөспірімдерімен күш сынасты. Төрт кездесудің қорытындысы бойынша елордалықтар екі жеңіске қол жеткізді.
00:56, 16 там 2026

U-15 құрамасы «Таразды» 4:0 есебімен жеңіп, өз қақпасын голдан сақтап қалды. Даниял Омар дубль жасаса, Алимжан Аушахманов пен Асанали Мырзағұл бір-бір голдан соқты.

U-16 командалары арасындағы матч та «Астананың» пайдасына аяқталды. Есеп 4:1. Елордалықтар сапынан Айсұлтан Дастанұлы, Нұрдаулет Назарбеков, Медет Мұхтарбек және Диас Жақыбеков гол соғып, ерекше көзге түсті.

U-17 кездесуінде «Тараз» «Астана» қақпасына 4 гол соғып, жеңіске жетті. «Тараз» қақпасына жалғыз гол соққан Альтаир Құрманбеков болды. 
Ал U-18 командаларының матчында да алаң иелері басым түсіп, «Астананы» 2:1 есебімен ұтты. Елордалықтардың жалғыз голын Амандық Хамидуллин соқты.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес