U-15 командалары арасындағы тартысты матчта «Тобыл» 3:2 есебімен жеңіске жетті. «Астана» сапынан Алимжан Аушахманов пен Арнұр Алмай гол соқты. Қарсылас команда құрамында Руслан Плясковский дубль авторы атанса, тағы бір голды Мансур Искаков соқты.
U-16 құрамалары арасындағы ойында «Астана» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Елордалықтардың голдарын Даниэль Тлешев пен Нұрдаулет Назарбеков соқты. «Тобыл» сапынан Балахмет Әділ мергендік танытты.
U-17 командалары да жеңіске жетіп, кездесуді 3:1 есебімен аяқтады. «Астана» сапында Альтаир Құрманбеков, Мансур Ибрашев және Дастан Есенаман гол соқты. Қарсылас құрамынан Ерасыл Сейдахметов көзге түсті.
U-18 командалары арасындағы матчта «Тобыл» 1:0 есебімен басым түсті. Кездесудегі жалғыз голды Роман Гаврилюк соқты.
Осылайша, «Астана» футбол орталығының командалары «Тобылға» қарсы төрт матчтың екеуінде жеңіске жетіп, екі кездесуде қарсыласына жол берді.