kz

RU
KZ
«Астана» «Жас Қыранмен» төрт кездесуде бақ сынады
QJ League аясында «Астана» футбол орталығының U-15, U-16, U-17 және U-18 командалары «Жас Қыранға» қарсы ойын өткізді.
18:32, 30 там 2026

U-15 командалары арасындағы кездесуде елордалықтар 4:1 есебімен жеңіске жетті. «Астана» сапынан Алимжан Аушахманов, Самғат Толыбай, Ислам Тұрақбаев және Санжар Жұматай гол соқты. Қарсылас команда құрамынан Нұркен Ибадолда мергендік танытты.

U-16 командаларының ойынында «Жас Қыран» 4:1 есебімен басым түсті. «Астананың» жалғыз голын Нұрдаулет Назарбеков соқты.

U-17 құрамалары арасындағы матч 1:2 есебімен аяқталды. Елордалық команда сапында Мансур Ибрашев гол авторы атанды. «Жас Қыран» сапынан Бағашар Еркінұлы мен Тимур Тұғамбеков мергендік танытты.

Ал U-18 командалары жеңімпазды анықтай алмады. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. «Астана» сапынан Ибрахим Күмбай гол соқса, қарсылас командадан Нұрбол Нұрлан көзге түсті.

Бас серіктес