U-15 командалары арасындағы ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. «Астана» сапынан Алимжан Аушахманов пен Райымбек Әділбеков гол соқты. «Ақтөбе» құрамынан Милан Надрышын мен Алишер Рахметов мергендік танытты.
U-16 кездесуінде «Ақтөбе» 3:0 есебімен жеңіске жетті. Қонақтар сапынан Нұрдаулет Қалдымұрат, Дамир Данаев және Әділет Орынбасар гол авторлары атанды.
U-17 командалары арасындағы матчта «Ақтөбе» 6:0 есебімен басым түсті.
U-18 құрамаларының ойыны 2:6 есебімен «Ақтөбенің» пайдасына аяқталды. «Астана» сапындағы голдарды Бекзат Әбен мен Санжар Садвокасов соқты.