Маусым барысында «Астана» 10 рет жеңіске жетіп, екі кездесуде тең нәтиже тіркеді және екі матчта жеңіліс тапты.
Команда чемпионатты нәтижелі бастап, алғашқы төрт турда қатарынан жеңіске жетті. «Тобыл» командасы 4:0, «Ертіс» 4:1, «Қайрат» 2:0 және «Қайсар» 5:0 есебімен ұтылды. Кейін «Ордабасы» мен «Шахтерге» қарсы кездесулерде де елордалықтар ұпай еншіледі.
Маусымның екінші бөлігінде «Астана» «Тобылды» 2:0, «Шахтерді» 4:3, «Ертісті» 4:0 және «Қайсарды» 3:0 есебімен жеңді. Сонымен қатар команда «Ордабасымен» 2:2 есебімен тең түсіп, «Ақтөбені» 3:0 есебімен жеңді.
Жалпы маусым қорытындысы бойынша «Астана» WU-17 қарсылас қақпасына 36 гол соғып, өз қақпасына 15 гол жіберді.
Команданың шабуыл шебіндегі негізгі нәтижелі ойыншыларының бірі – Асыл Пазыл. Ол чемпионат барысында 13 матчқа қатысып, 8 гол соқты және турнирдің үздік бомбардирі атанды.
Маусымның соңғы турында «Астана» Қарағандыда «Шахтермен» 2:2 есебімен тең ойнап, чемпионаттағы ойындарын қорытындылады.
«Астана» WU-17 командасының ойыншылары мен жаттықтырушылар штабын маусымдағы күміс жүлдемен құттықтаймыз!
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ