kz

RU
KZ
Бабаян – «Қызылжарға» қарсы матч туралы
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Премьер-лиганың 22-туры аясында «Қызылжарға» қарсы өткен матчқа қатысты пікір білдірді.
10:30, 17 там 2026

– Әрине, нәтиже көңілімізді қалдырды. Дегенмен, ойын мазмұнына қарайтын болсақ, өте сапалы матч өткіздік деп есептеймін. Допқа толықтай иелік еттік, тартымды әрі көрікті футбол көрсеттік, алаңда кеңістік тауып, қарсыластың қорғанысын сәтті бұза білдік. Шабуылдың соңғы үштен бір бөлігіне үнемі өтіп, қақпаға соққы жасауға мүмкіндік беретін позицияларға талай рет шықтық.

«Қызылжардың» да еңбегін атап өту керек. Олар – ұйымшыл команда. Әсіресе өз алаңында олардың қорғанысын бұзу оңай емес. Меніңше, бұл жерде ешбір командаға жеңіл болмайды.

Алайда шешуші сәтте бізге тағы да дәлдік пен батылдық жетіспеді. Соққы жасауға болатын жағдайлар өте көп болды. Егер осындай шабуылдардың кем дегенде әр бесіншісін қақпаға соққымен аяқтағанымызда, статистикамыз мүлде басқаша көрінер еді. Ал «Қызылжар», керісінше, алғашқы мүмкіндік туған сәтте-ақ соққы жасауға тырысты. Сондықтан тек соққылар статистикасына қарасақ, матч тең дәрежеде өтті деген ой қалыптасуы мүмкін. Бірақ біз құрған кеңістікке, қарсыластың қорғанысын қалай бұзғанымызға, соққы жасауға арналған позицияларға қанша рет шыққанымызға және шабуылдың соңғы үштен бір бөлігіне қаншалықты жиі кіргенімізге қарасақ, біз айқын басымдыққа ие болдық деп есептеймін.

Гол соққаннан кейін де біраз уақыт ойынды бақылауымызда ұстадық. Бірақ кейін тым төмен шегініп кеттік. Ал біздің жоспарымыз – жоғары ойнап, қарсыласқа қысым көрсетуді жалғастыру еді. Ауыстырулар ойын қарқынын сәл бәсеңдетті. Дегенмен соңғы 5-7 минутта іс жүзінде тек қорғанумен шектелдік. Допты өз қақпамыздан алысырақ шығарып жіберіп, ойынды тыныштандыру үшін оны бақылауда ұстай да алмадық.

Ойын соңында доп ұзақ уақыт алаңнан шықпады. Біз қажетті ауыстыруды жасауға дайын тұрдық, бірақ оны жүзеге асыруға мүмкіндік болмады. Соның салдарынан соңғы ысқырыққа небәрі 20 секунд қалғанда осындай өкінішті гол жіберіп алдық. Мұндай матчтарды біз міндетті түрде жеңіске жеткізуге тиіспіз.

Жеке өзім жаттықтырушылар штабыма, әкімшілік қызметкерлерге, команданың жанында жүрген барлық мамандарға және, әрине, футболшыларымызға алғыс айтқым келеді. Клуб үшін осындай қиын кезеңде олар эмблема үшін, «Астана» үшін алаңға шығып, бар күшін салып жүр. Иә, бүгін бұл жерден жеңіспен оралу үшін сәл ғана нәрсе жетіспеді. Бірақ ойынға деген берілгендік, өз жұмысына деген жауапкершілік, қазіргі жағдайымызға қарамастан команданың және бүкіл қызметкерлер құрамының клубымызды лайықты таныстырып жүргені – осының бәрі өте жоғары деңгейде деп есептеймін.

Әрине, бүгін осында арнайы келіп, командамызға қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізді де ерекше атап өткім келеді. Олардың қолдауы команда үшін өте маңызды. Барлығына үлкен рақмет.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 
Бас серіктес