kz

RU
KZ
Бабаян – «Елімаймен» өткен матч туралы
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Премьер-лиганың 25-туры аясында «Елімайға» қарсы өткен матчқа пікір білдірді.
22:00, 06 қыр 2026

– Жақсы матч болды. Алғашқы бес-жеті минутта позициялық күрес жүрді. Біз де, қарсылас та қобалжып тұрғаны көрінді, командалар өте тығыз ойнады. Одан кейін, меніңше, шамамен жиырма минут бойы ойынды өз бақылауымызда ұстадық. Бірнеше қауіпті шабуыл, өткір сәттер болды. Соққылар жасадық, айып алаңында мүмкіндіктер болды. Жалпы, сәттер жеткілікті болды.

Бірақ кейін 10-15 минут бойы істеуіміз керек нәрсені жасамадық. Әркім допқа артық тиіп, қажетсіз қимылдар жасай бастады. Сонымен қатар алаңның көлденеңінен допты екі рет қате беріп, қауіпті сәттердің туындауына іс жүзінде өзіміз себеп болдық. Кейін қайтадан ойынға оралып, қарқын қостық және бірінші таймның соңында екі жақсы гол соқтық. Үзіліске жайлы басымдықпен шықтық.

Үзілісте жігіттерге әрдайым 2:0 болғаннан гөрі 0:0 болғаны жақсы екенін айттым. Сондықтан ойынға толық кірісу керек, өйткені «Елімай» ойынды тастай салатын команда емес. Біз олардың мінезі бар екенін, матчтың барысын өзгерте алатынын білеміз. Жақсы болғаны, жігіттер бұл ақпаратты қабылдап, екінші таймда, меніңше, өте сапалы футбол көрсетті. Тағы екі гол соқтық, дегенмен өте көп мүмкіндік жасадық. Бір өкініштісі – тек екі голмен шектелдік.

«Елімайдың» екі мүмкіндігі болды, бірақ жалпы жеңісіміз ешкімде сұрақ тудырмайды деп ойлаймын. Бүгін біз мықтырақ болдық. «Елімайға» алдағы уақытта сәттілік тілейміз.

– Бүгін бұл «Астана» үшін де, әсіресе қарсылас үшін де турнирлік жағдайды және еурокубоктық аймақтағы орындарды ескерсек, негізгі матчтардың бірі ретінде қабылданды. Бүгін есеп бойынша осындай үлкен айырмашылық болады деп күттіңіз бе?

– Меніңше, ешбір бапкер сізге матчқа дейін ірі есеппен жеңетінін күттім деп айтпайды. Егер мен олай айтсам, бұл шындыққа жанаспас еді. Бірақ мен жігіттерге осы аптада қиындықтар болғанын айттым. Мұнда концерт өтіп жатқандықтан, біз басқа алаңда жаттықтық. Алайда қалай жұмыс істегеніміз, қандай жігермен, қандай ниетпен дайындалғанымыз және ең бастысы, қажет нәрсені алаңға шығара алғанымыз – мен үшін негізгі мәселе осы болды. Бұл, әрине, жігіттерге деген үлкен құрмет. Мен оларға киім ауыстыратын бөлмеде: қысым болған кезде оны қалай бұзатынымыз, кім келіп, кім кететіні, аймақтарды қалай құратынымыз және тағы басқалары туралы айттым. Бүгін, әсіресе екінші таймда, бұл «Астананың» ойынында айқын көрінді. Қарсылас қысым жасауға тырысады, бірақ олардың мүмкіндігі жоқ, өйткені біз үнемі өзіміз жаттыққан әдістерді тауып отырамыз. Мен үшін ең құндысы – осы.

– Келесі ойыныңыз «Ордабасына» қарсы. «Елімаймен» матчта командаңыз көрсеткен ойынды және кеше «Ордабасының» сүрінгенін ескерсек, командаңыз үш ұпай алады деп сенесіз бе?

– Әрине, сенеміз. Бірақ ертеңгі күнді күтіп отырмыз. Біз үшін ертең маңызды оқиға болуы тиіс. Сондықтан күтеміз. Бүгін ештеңеге түсініктеме бермейміз. Мен бізде белгілі бір уағдаластықтар бар екенін айттым. Бәріміз ертеңгі күнді күтіп отырмыз. Сондықтан бұдан артық ештеңе айта алмаймын.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 
Бас серіктес