– Жалпы, біз үшін апта өте ауыр болды, тіпті ең ауыр апта деуге болады. Біз жаттығу өткізбедік және жағдайымыздың қалай болатынын білмедік. Құдайға шүкір, бәрі шешілді, біз негізгі құраммен, барлық ойыншымызбен, ешкімді қоспағанда, келдік. Күрделі матч болды, меніңше, біз үшін де, «Ордабасы» үшін де. Алаң да өте ауыр болды. Бірдеңе жасауға тырыстық. Әрине, қиындықтар болды. Қажетсіз карточкалар алып қаламыз ба деп қатты алаңдадық. Менің ойымша, егер бүгін құрамда екі-үш өзгеріс болғанда, бірінші таймда үш емес, кемінде бес карточка көрсетілер еді. Бұл – жүз пайыз. Сондықтан біз мұның бәрін түсініп, ескердік. Бүгін алаңға шыққан ойыншыларды шығаруға тура келді. Жігіттерге: «Күресіңдер, күресіңдер. Бар күштеріңді салыңдар», – дедім. Қолымыздан келгенше күрестік, мүмкіндіктеріміз де болды. Өкінішке қарай, соңында осындай гол жіберіп алдық. Жалпы, «Ордабасы» жеңіске жақынырақ болды және жеңіске лайықты түрде жетті деп ойлаймын.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ