– Барлық жағынан алғанда, бұл дерби болды – тартыс деңгейі жағынан да, эмоция жағынан да. Дәл есімде жоқ, бірақ 2014 жылдан бері «Қайратпен» өткізетін матчтарымыздың барлығы осындай сипатта өтеді: күрес көп және эмоция жоғары. Алаңнан қуылу мен гол соғылғанға дейін біз плюс-минус өз футболымызды ойнадық. Әрине, белгілі бір қобалжу сезілді. Біз жігіттерге: «Біз ештеңе жоғалтпаймыз, алаңға шығып, жай ғана өз футболымызды ойнауымыз керек», – дедік. Бірақ алаңнан қуылғаннан кейін, әсіресе бірінші таймда, өз футболымызды көрсете алмадық – бұл факт. Қателік көп болды. Біз «Қайратқа» қарсы орталық арқылы көп ойнауға болмайтынын айттық. Қарсыластың бір ойыншысы алаңнан қуылса, аймақ ашылады деп футболшыларымыз ойлап қалған сияқты. Бірақ олар 4-3-2 жүйесіне қайта құрылып, орталықты қанықтырды. Сондықтан бірінші таймда өзіміз жасаған үш-төрт қарсы шабуыл болды.
Екінші таймда жақсырақ көріндік, мүмкіндіктер болды, гол соға алдық. Бірақ бұрыштамалардан кейін де, ауысу сәттерінен кейін де «Қайраттың» мүмкіндігі болды. Біз үшін жай ғана жеңіске жету маңызды еді. Бұл – жарқын ойын көрсету қиын болатын матч, дегенмен біз көбірек гол соққымыз келді. Алматыдағы алғашқы матчты да ойда ұстадық. Сондықтан жанкүйерлер де келді, атмосфера да керемет болды. Астанада мұндай атмосфераның болғанына көп уақыт болды. Оларға рақмет, осындай қолдаудың алдында ойнау өте жағымды. Бәлкім, эмоцияны бәрі бірдей басқара алмаған шығар, бірақ соңында ең маңыздысы – біз бұл матчта жеңіске жеттік. Бұл біз үшін өте маңызды жеңіс.
Ұлттық құрамаларға аттанатын барлық футболшыларымызға жақсы нәтижелер тілегім келеді. Ұлттық құрамалардағы матчтардан кейін клубқа оралсын. Ең бастысы – дендері сау болсын. Рақмет.
– Сіздің әріптесіңіз Рафаэль Уразбахтин баспасөз мәслихатын: «Шапито», – деген сөзбен бастап, сол сөзбен аяқтады. Қарсыластықтағы осы атмосфераны осылай атауға бола ма?
– Білесіздер ме, мен жалпы барлық әріптестеріме құрметпен қараймын. «Астана Аренаға» келетін кез келген бапкер, әсіресе матч алдындағы жаттығуға келген кезде – мен бапкерді көремін, біз әрдайым оған не қажет екенін, ұйымдастыру бойынша қандай да бір мәселелердің бар-жоғын және тағы басқа жағдайларды сұраймыз. Біз ешкімді ашық түрде сынамаймыз. Мен Уразбахтин мырзаның 1:4 есебімен аяқталған соңғы матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында өзіне жол берген нәрсеге жол бере алмаймын. Осындай сөздер айтып, жеке басқа өту үшін адамның басын қалай жоғалтуы керек екенін білмеймін. Ол жерде ол біздің матчты неге ауыстырмағанымыз туралы айтты. Бірақ мен түсінемін, ол үлкен футболда жүргеніне әлі екі жылдай ғана болды және көп нәрсені түсінбейді, тәжірибесі жетіспейді. Соңғы бір-екі жылда оның басына түскен дүниелердің бәрін еңсеру қиын, әрине. Бірақ құрмет көрсету керек.
Мен сіздерге былай айтайын: 2024 жылы Астанада стадион жабық болған кезде біз Алматыда ойнадық. «Қайраттың» стадионын бізге бермеді. Біз матчтарды сол жерде өткізгіміз келді, бірақ стадионды бізге бермеді. «Қайрат» бізге киім ауыстыратын бөлмені бермейді, ал басқа командаға, көріп отырғанымыздай, берді. Кейін біз Қазақстанның атынан өнер көрсететініміз және Қазақстан Еуропада ойнайтындықтан, бірігуіміз керек екені туралы айтқанымызда, бізге: «Сіздер Қазақстанды емес, Астананы таныстырасыздар», – деп жауап берді. Бұл – біріншісі.
Екіншіден, біз сұрадық – бізде «Браннмен» маңызды матч болды, «Бранннан» кейін «Қайратпен» ойнауымыз керек еді. Матчты бір күнге ауыстыруды сұрадық. «Қайраттан» сұрадық – ауыстырмады. Бірақ біз оларды сол жерде 1:0 есебімен жеңдік. Бәлкім, ол мұны білмейтін шығар. Бәлкім, ол біздің осы қарсыластықтың бүкіл тарихын білмейтін шығар. Бірақ мәселе жалпы «Қайрат» клубында емес. Мәселе Уразбахтинде – оның өзіне неге жол беріп отырғанында және өзін кім деп ойлайтынында. Мен сіздерге айтамын: мен жай ғана шок жағдайындамын. Өйткені онымен қарым-қатынасым өте жақсы болатын. Мен сол баспасөз мәслихатынан кейін ол эмоцияға берілген шығар, кейін қоңырау шалып немесе: «Тыңдашы, мен эмоцияға беріліп кеттім», – деп жазар деп ойладым. Біздің мамандығымыз қиын, тіпті ең қиын мамандықтардың бірі, сондықтан біз бір-бірімізді қолдауымыз керек. Бірақ мұның ешқайсысы болған жоқ. Ал қазір ол «шапито» туралы айтып отыр, мен білмеймін. Бәлкім, ол өзі туралы айтқан шығар. Білмеймін. Бәлкім, клоун келген шығар.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ