kz

RU
KZ
QJ League: «Астана» мен «Қайрат» арасындағы төрт кездесудің қорытындысы
QJ League кезекті турында «Астана» мен «Қайрат» командалары төрт жас санатында өзара күш сынасты.
10:37, 03 там 2026

U-15 жас санатында «Қайрат» 3:0 есебімен жеңіске жетті. Алматылықтар сапында Диас Абубакир хет-трик жасап, командасының жеңісіне айтарлықтай үлес қосты.

U-16 құрамалары арасындағы кездесу де «Қайраттың» пайдасына аяқталып, алматылық команда 4:0 есебімен басым түсті. Гол авторлары – Рахат Кульшманов, Азамат Құттымұрат, Чингиз Асаналиев және Дастан Рүстем.

U-17 командаларының кездесуінде «Қайрат» 8:1 есебімен жеңіске жетті. «Астана» сапындағы жалғыз голды Амир Асатов соқты.

Ал U-18 жас санатында да «Қайрат» жеңіске жетіп, кездесуді 6:0 есебімен аяқтады.

Осылайша, төрт кездесудің қорытындысы бойынша «Қайрат» барлық жас санатында жеңіске жетті.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес