kz

RU
KZ
«Астана» – «Динамо Сити» матчына аккредиттеу
«Астана» футбол клубы УЕФА Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Астана» – «Динамо Сити» матчына БАҚ өкілдерін аккредиттеуге өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.
12:00, 01 шіл 2026

Аккредитациядан өту үшін 14 шілдеге дейін төмендегі сілтеме арқылы Google формасын толтыру қажет:

АККРЕДИТТЕУГЕ ӨТІНІМ

Назар аударыңыз: әрбір БАҚ өкілі жеке өтінім толтыруы тиіс.

Өтінімге редакцияның ресми бланкісінде рәсімделген және бас редактор немесе уәкілетті тұлға қол қойған хат қоса тіркелуі қажет.

БАҚ өкілдеріне арналған жұмыс аймақтарындағы орын саны шектеулі болғандықтан, «Астана» футбол клубы берілетін аккредитациялар санын қысқартуға немесе оларды беруден бас тартуға құқылы.

Бас серіктес