kz

RU
KZ
Алтай Даумов – «Астана» футбол клубының Бас директоры
«Астана» футбол клубының Бас директоры қызметіне Алтай Алмасұлы Даумов тағайындалды.
17:30, 19 мау 2026

Алтай Алмасұлының отандық футбол саласында көпжылдық тәжірибесі бар. Осы күнге дейін Қазақстан футбол федерациясының құрылымында түрлі қызметте болып, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы президенті қызметіне кандидат ретінде ұсынылды.

UEFA CFM (Certificate in Football Management) бағдарламасының дипломын алғанымен қатар, Қазақ спорт және туризм академиясында «Спорт менеджменті» мамандығы бойынша докторантураны тәмамдаған.

Алтай Алмасұлына жаңа қызметіне сәттілік, ал алға қойған мақсат-мүддесіне жету жолында толағай табыс тілейміз!

Бас серіктес