kz

RU
KZ
«Астана М» «Жайықтан» бір доп айырмасымен басым түсті
«Астана М» Бірінші лиганың 14-туры аясындағы өз алаңындағы матчта оралдық «Жайықтан» басым түсті.
20:50, 17 шіл 2026

Кездесу тартысты әрі тең дәрежеде өтті. Бірінші таймда екі команда да бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырғанымен, үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.

Екінші тайм да дәл осындай қарқында жалғасты. Матч тағдырын жалғыз гол шешті. Кездесудің 73-минутында Тимур Төкенов қарсылас айып алаңына басып кіріп, сол аяғымен қақпаның төменгі бұрышын дәл көздеп, жеңіс голын соқты.

Қалған уақытта қонақтар таразы басын теңестіруге тырысқанымен, «Астана М» футболшылары қорғаныста сенімді ойын көрсетіп, матч соңына дейін басымдықты сақтап қалды.

1:0 есебіндегі жеңістің арқасында «Астана М» 23 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілді.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 
Бас серіктес