U-15 командаларының ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды. «Астана» сапынан Санжар Жұматай мергендік танытты.
U-16 кездесуінде «Ертіс» 7:1 есебімен жеңіске жетті. Елордалықтардың жалғыз голын Нұрдаулет Назарбеков соқты.
U-17 санатының тартысты ойынында «Астана» 3:2 есебімен басым түсті. Даниэль Цой, Расул Орынбек және Альтаир Құрманбеков елордалық командаға жеңіс сыйлаған голдарды соқты.
Ал U-18 құрамаларының кездесуінде «Ертіс» 3:2 есебімен жеңіске жетті. «Астана» сапынан Амандық Хамидуллин мен Мансур Алихан гол авторлары атанды.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ