kz

RU
KZ
Бабаян – «Ертіспен» матч туралы
16:30, 14 қаз 2026

– Біздің орындауымыздағы жақсы матч болды, көптеген гол соғу мүмкіндігін жасадық. Алайда сәтті аяқтау жағы ақсады. Қақпашымен бетпе-бет шығатын қаншама мүмкіндік болды. 20-минутқа қарай-ақ төрт мүмкіндігіміз болды. Марин Томасовтың өзі кем дегенде үш гол соға алар еді.

Сондықтан бір жерде жолымыз болмады, бір жерде доп қақпаға кірмей қойды, ал кей сәттерде қарсылас қақпашысы жақсы әрекет етті. Ойын барысында айқын басымдыққа ие болсақ та, есеп небәрі 1:0 болды. Матч соңында қарсылас қажетсіз қысым көрсетті, сондықтан ойын қарқынын сәл бәсеңдету үшін алмастырулар жасап, тактикалық сызбаны өзгертуге тура келді. Себебі ойындар бірінен соң бірі өтіп жатыр. Әрине, матч соңында ойыншылардың күші де аздап таусылды. Оның үстіне, ұлттық құрамалар матчтарына байланысты ұзақ үзіліс болды. Сондықтан соңында шағын ротация жасадық. Алдымызда қатарынан үш матч бар, ал қазір демалуға көп уақытымыз жоқ.

Үш күннен кейін өз алаңымызда тағы бір матч өткіземіз. Ол да оңай болмайды, өйткені маусымның аяқталуына жақын қалды. Барлық командаға ұпай қажет, әрқайсысы барынша күш салып, өз міндеттерін шешуге тырысып жатыр.

Ең алдымен, өз командамды жеңісімен құттықтағым келеді. Менің ойымша, бүгінгі ойынымызбен жеңіске лайық болдық, тіпті бұдан да ірі есеппен жеңуіміз мүмкін еді.

Бүгінгі ең маңыздысы – біз үшін аса қажет үш ұпайды еншілегеніміз.

Бас серіктес