kz

RU
KZ
Бабаян – «Қайсармен» матч туралы
«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян Премьер-лиганың 29-туры аясында «Қайсарға» қарсы өткен матчқа қатысты пікір білдірді.
21:30, 25 қаз 2026

– Маусымдағы өз алаңымыздағы соңғы матчты өткіздік. Жанкүйерлерімізді қуантқымыз келді, алаңда көп жұмыс атқардық... Бүгін Томасов кем дегенде үш гол соғуы мүмкін еді деу аздық етеді, ол кемінде үш гол соғуға тиіс еді. Тіпті одан да көп гол соғуы мүмкін болатын. Бірақ голдық мүмкіндіктерді жүзеге асыруда қиындық бар. Шабуылдың бастапқы кезеңінде өте жақсы комбинациялар құрдық, алайда шабуылдың соңғы үштен бір бөлігінде сапа жетіспеді. Бүгін шабуыл шебіндегі ойыншыларымыз өте нашар өнер көрсетті. Көңіл күйіміз мүлде түсіп кетті. Бәлкім, эмоциялық күш жетіспеген шығар. Жыл бойы қиындықтарға төзіп, жұмыс істеп, мотивация табуға тырыстық... Бірақ жігіттерге алаңға шыққанда барлық мәселені ұмытып, соңына дейін күресу керектігін айттым. Маусымды өз алаңымыздағы жақсы жеңіспен, жарқын ойынмен аяқтағымыз келді. Өкінішке қарай, олай болмады. Томасовтан бөлек, гол соғуға тиіс болған тағы бірнеше мүмкіндік болды. Өкінішке қарай, оларды да пайдалана алмадық. Доп қақпа бағанасына, маңдайшаға тиді, нысанаға дәл тимеді, тағы басқа жағдайлар болды. Тағы да 30 соққы жасадық... Бірақ футбол деген осы. Демек, бір жерде жұмысты соңына дейін жеткізбедік, бір жерде қателестік.

Қарсыласымызға келсек, олар лигада қалу үшін күресіп жатыр. Сондықтан алаңда бар эмоциясы мен күшін салатынын түсіндік. Ойын қарқынын бәсеңдету үшін допты ойынға қосуға асықпай, жерде жатып уақыт созатын ұсақ эпизодтарды жиі пайдаланатынын да білдік. Біз бұған дайын болдық. Алайда, өкінішке қарай, гол соға алмадық. Қарсыласымызға сәттілік тілеймін. Лигада қалуына тілектеспін.

Бас серіктес