31 жастағы қорғаушы – Қазақстан Кубогы мен Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы. Кәсіби мансабында Иван Сербияның «Ягодина» және «Раднички» (Ниш), Ресейдің «Сочи» және «Пари Нижний Новгород», сондай-ақ Қазақстанның «Тобыл» және «Елімай» клубтарының намысын қорғаған.
Иванға «Астана» сапында сәтті ойын, қорғаныста сенімді өнер көрсетіп, клубымызбен бірге толағай табыстарға жетуіне тілектеспіз!