kz

RU
KZ
Ресми: Никола Бурич – «Астана» ойыншысы
Елордалық «Астана» хорватиялық шабуылшы Никола Буричпен келісімшарт жасалғанын қуана хабарлайды.
17:00, 20 шіл 2026

29 жастағы шабуылшы – Загребтің «Динамо» клубының түлегі. Кәсіби мансабында Хорватияның «Рудеш», Словенияның «Домжале» және «Копер», сондай-ақ Италияның «Новара» және «Леньяго Салус» клубтарының намысын қорғаған. Өткен маусымда Албанияның «Эгнатия» сапында өнер көрсетіп, ел чемпионатында 33 матчқа қатысып, 6 гол соқты.

Николаға «Астана» сапында сәтті ойын көрсетіп, клубымызбен бірге толағай жеңістерге жетуіне тілектеспіз!

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 
Бас серіктес