kz

RU
KZ
QJ League: «Астана» мен «Шахтёр» арасындағы тартысты ойындар
QJ League аясында «Астана» футбол орталығының командалары Қарағандының «Шахтёр» жасөспірімдерімен төрт жас санатында кездесті. Тур қорытындысы бойынша елордалық командалар бір жеңіске жетіп, бір ойынды тең аяқтады және екі кездесуде қарсыласына есе жіберд
09:41, 09 там 2026

U-15 командалары арасындағы кездесуде «Шахтёр» 2:0 есебімен жеңіске жетті. Қарағандылықтар екі таймда да бір-бір голдан соқты.

U-16 санатында да «Шахтёр» басым түсіп, кездесуді 6:1 есебімен аяқтады. «Астана» сапындағы жалғыз голды Диас Жақыбеков соқты.

U-17 құрамалары арасындағы матчта «Астана» 3:1 есебімен жеңіске жетті. Елордалық команда сапынан Даниэль Цой, Амир Асатов және Арнұр Қуандықұлы мергендік танытты.

Ал U-18 командаларының кездесуі 0:0 есебімен тең аяқталды. Осылайша, екі команда да бір ұпайдан еншіледі.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес