19-тур аясында «Алтайдың» қақпасына соққан гол Марин Томасов үшін Қазақстан Премьер-лигасындағы мерейтойлық 100-ші гол болды. Хорватиялық футболшы өзінің алғашқы голын 2017 жылғы 9 қыркүйекте «Атырау» қақпасына соққан болатын. Сол кездесуде Томасов дубль авторы атанған еді. Осылайша, Марин Томасов Қазақстан Премьер-лигасы тарихында 100 және одан да көп гол соққан тоғызыншы футболшы атанды.
Бүгінгі күнге дейін Марин Томасов Қазақстан Премьер-лигасында «Астана» сапында 224 матч өткізіп, 100 голдың авторы болды.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ