– Ертең бізді өте мықты командаға қарсы ойын күтіп тұр. Білуімше, бұл – Албанияның ең атақты клубтарының бірі. Ұзақ жолға қарамастан, біз ертеңгі матчқа толық дайынбыз. Алаңға шығып, жүз пайыз күшімізді салуға және қарымта ойын алдында өзімізге тиімді нәтиже көрсетуге тырысамыз.
Әрине, біз жеңіске жеткіміз келеді. Қазір ойын кестесі өте тығыз, сондықтан бұл матчта жеңіске жетіп, жауапты кездесу алдында басымдыққа ие болуды қалаймыз.
Башичке келсек, ол бүгін ғана командаға қосылды. Онымен әлі толық сөйлесуге мүмкіндік болмады. Қазір бар назарымыз алдағы матчқа дайындыққа бағытталған.