– Ойын барысы ауыр болса да, өте маңызды жеңіске қол жеткіздік. Қарсылас агрессивті, тығыз ойын көрсетуге тырысты, дегенмен бірінші таймда-ақ қақпаға доп соғатын төрт мүмкіндік жасадық. Әзірге гол салу жағынан ақсап тұрмыз. Екінші таймда қарсыласты қыспаққа алып, маңызды жеңіске жеттік. Сонымен қатар қарсылас командаға да алғыс білдіргім келеді – турнирлік кестедегі орнына қарамастан, олар комбинациялық футбол ойнайды. Ойын оңай болған жоқ, бірақ ең бастысы – үш ұпай алдық.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ