Аяқдопшы болған кезінде Михаил Ильич «Орбита», «Қайрат», «Трактор», «Шахтер» және «Жетісу» клубтарында өнер көрсетті. Ал менеджер ретінде Қазақстан футбол федерациясында, ҚР Туризм және спорт министрлігінде, сондай-ақ Кәсіби футбол лигасында қызмет атқарды.
2019–2021 жылдары «Астана» футбол клубының президенті болды. Оның басшылығы кезінде клуб чемпион атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтіп, «Манчестер Юнайтедті» жеңді.
2024 жылдың мамыр айында Михаил Ильич елордалық клубтың директорлар кеңесіне кірді.
Қайсар Рауфұлы 2013 жылдан 2019 жылға дейін клубта басшылық қызметтерде жұмыс жасады. Бұл — «Астана» клубының «алтын дәуірі» болатын. Ол командамен бірге ішкі біріншілікте барлық мүмкін трофейлерді жеңіп алып, Еурокубоктарда тарихи жетістіктерге қол жеткізді.
«Астана» — Қазақстан футболы тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы команда. Сонымен қатар, Еуропа лигасының топтық кезеңінен плей-оффқа өткен алғашқы қазақстандық клуб атанды.
Бұған дейін Игорь Владимирович «Астана» ФК негізгі құрама командасының аға әкімшісі және футбол орталығының менеджері қызметтерін атқарған.
Футбол саласындағы мансабын 1997 жылы шортандылық «Автомобилист» командасының кәсіби ойыншысы ретінде бастаған. 2005 жылға дейін «Химик» Степногорск қ, «Астана», «Жеңіс», «Ақмола» Степногорск қ, «Екібастұздық-БК», «Есіл» Көкшетау қ, «Оқжетпес» командаларында өнер көрсеткен.