kz

RU
EN
KZ
«Астаналық» шабуылшы Абат Айымбетов ойын нәтижесіне қатысты пікір білдірді.
08 мам 2023

– Абат, жеңіс пен өзің соққан гол құтты болсын! Ойын қалай өтті?

– Құттықтауларыңызға рахмет! Ойынға келсек, бірінші тайм жақсы өтті, ал екінші тайм сәл қиындау болғаны рас. Неге олай болғанын алдағы уақытта саралай жатармыз.

– Негізгі құрамда алаңға шығып, ойынды бастадың. «Астана» жоғары қарқынмен ойнады. Бапкер тарапынан жылдам гол соғу керек деген тапсырма болы ма? Ал «Мақтааралға» келсек, оларға не жетіспеді?

– Жылдам гол демекші, негізі әр ойынды осылай бастап, гол соғамыз деп шығамыз. «Мақтаарал» барын салып ойнайтын команда, оның да өз себептері бар. Бұл да бізге күш береді. Мінез көрсетіп, алаңа үстемдік ету үшін барымызды салдық. Екі гол соқтық. Мүмкін содан кейін босаңсып қалдық па?! Негізі екі таймда да жақсы ойнауымыз шарт.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес