kz

RU
EN
KZ
Абат Айымбетов: «Астана» маған ойнауға мүмкіндік берді
03 сәу 2021

 

«Астанамен» келісімшарт жасасқан Абат Айымбетов жақын арадағы матчтардың бірінде дебют жасауы мүмкін. 

Осы орайда Қазақстан құрамасының шабуылшысы өзінің жаңа клубының баспасөз қызметіне сұхбат беріп, пікір бөлісті:

- Мен, бірінші кезекте, «Крылья Советов» басшылығына ризашылық айтқым келеді. Себебі олар маған Ресей клубтарының бірінде өз күшімді сынап көруге мүмкіндік берді және қазір «Астанаға» жалға жіберді. Мен үшін ойнау өте маңызды және «Астана» маған сол мүмкіндікті беріп отыр. Мен келісімшартқа қол қоймас бұрын клубтың бас бапкерімен және атқарушы директорымен сөйлестім, олар мені қолдап, клубқа керек екенімді жеткізді. Өз кезегінде алғысымды алаңдағы ойыныммен білдіруге тырысамын! Маған сенім артқан барша адамның үмітін ақтаймын деп үміттенемін!

Бас серіктес