kz

RU
EN
KZ
Абзал Бейсебеков – Премьер-Лигада 250 ойын
24 қаз 2020

«Астана» футбол клубының 27 жастағы қорғаушысы Абзал Бейсебеков 14-ші тур аясында «Тобылға» (1:0) қарсы ойында Қазақстан Премьер-Лигасындағы 250-ші ойынын өткізді деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.

Алматы футболының түлегі Абзал Бейсебеков Премьер-Лигада «Қайрат» сапында 2008 жылы 13 қыркүйекте 15 жасында «Энергетик-2» командасына қарсы кездесуде дебют жасады. Жалпы «Қайрат» сапында 16 ойын өткізді. Сондай-ақ, өскемендік «Восток» (23 ойын) сапында ойнады. Ал «Астана» сапында бүгінгі күнге дейін 211 кездесу өткізіп, 5 гол соқты. Және де оның мансабында польшалық «Коронаға» (4 ойын 1 гол) жасаған қысқа мерзімді іс-сапар болды.

Жалпы Премьер-Лигада 250 ойын өткзіп, 5 гол соқты.
 

Бас серіктес