kz

RU
EN
KZ
Абзал Бейсебеков - матчтардың саны бойынша "Астананың" абсолютті рекордын орнатты
25 мам 2021

 

Абзал Бейсебеков "Қайратпен" ойнаған матчта "Астана" командасын алаңға капитан ретінде алып шықты.

"Астана Аренадағы" бұл матч Абзал үшін елордалық команданың сапындағы 319 ойыны болды. Осылайша, ол "Астана" үшін өткізген матчтар саны бойынша Ненад Эричтен озды.

Абзал клубқа команда 2009 жылы құрылған сәтте қосылып, ұзақ уақыт "Астана" тарихындағы ең жас дебютант болып келді. Содан кейін ол бірнеше жыл бойы "Қайрат" пен "Восток" командаларында ойнап, 2012 жылы клубқа қайта оралды. Сол кезден бастап клубқа адал қызмет етіп келеді, тек жарты жыл ғана польшалық «Корона» клубында жалдамалы ойыншы болып келді. 

Абзал елордалық клубтың сапында еурокубоктарда 54 матч ойнады, ал қалған матчтарды Қазақстан чемпионаты, ел Кубогы мен Суперкубогы сияқты ішкі жарыстарда өткізді. Бейсебеков өзінің 319 матчында 14 гол соғып, 22 нәтижелі пас берді. Бұл жағынан ол клуб тарихындағы ең нәтижелі ойыншылар қатарына кіреді.

"Астана" сапында өнер көрсеткен жылдары Абзал 6 рет Қазақстан чемпионы атанып, 4 рет Қазақстан Суперкубогы мен 2 рет ел Кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңдерінде ойнады.

Бас серіктес