fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
Абзал Бейсебеков «Астана» сапындағы 20-шы нәтижелі пасын өз еншісіне жазды
28 қаз 2020

 

«Астана» футбол клубының 27 жастағы қорғаушысы Абзал Бейсебековтың Алексей Щеткинге берген нәтижелі пасы, оның елорда командасы жейдесіндегі 20-шы нәтижелі пасы ретінде тіркелді. 
 Абзал екі голдық пасын Еуропа Лигасы аясында, тағы біреуін Қазақстан Суперкубогында, ал қалған 17-сін Қазақстан Чемпионаты аясындағы кездесулерде берді. 
 Бейсебеков нәтижелі пастар саны бойынша клубтың үздік-10 ассистенттер тізіміне еніп, ол жақта сегізінші қатарда тұр. Үздік нәтиже әлі де Фокси Кетевоамаға (51) тиесілі. 
Қазіргі құрамда Абзалдан көп пас берген екі ғана ойыншы бар. Олар: Марин Томасов пен Дмитрий Шомко, екеуінің де еншісінде 47 нәтижелі пастан бар.

Бас серіктес