Аккредиттеу үшін клубтың баспасөз қызметіне журналистер тізімі, сондай-ақ аккредиттеу түрі көрсетілген өтініш жіберу керек. Өтініш басылымның ресми бланкісінде берілуі және оған бас редактордың немесе басқа уәкілетті тұлғаның қолы қойылуы тиіс.
Стадионның баспасөз бөлігіндегі орындар саны шектеулі болғандықтан, «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі аккредитация санын азайту немесе аккредиттеуден бас тарту құқығына ие.
Барлық өтініштерді zhalgassov@fcastana.kz электронды поштасына жіберу керек.
Анықтама телефондары: +7 (776) 123-85-89.