kz

RU
EN
KZ
Алексей Щеткин «Астана» сапындағы 100-ші ойынын өткізді
28 қар 2020

 

«Астана» Қазақстан Премьер-Лигасы аясында «Жетісуға» қарсы ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. 
Талдықорғандықтарға қарсы ойын «Астана» шабуылшысы Алексей Щеткиннің елорда командасы сапындағы 100-ші ойыны ретінде тіркелді. 
Щеткин астаналық ұжым сапында 2015 жылы Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойында дебют жасаған болатын. Алексей осы бес жыл ішінде жарты маусымды «Ақтөбеде» және «Тобыл» мен «Ордабасы» сапында бір маусымнан өткізді. 
Дегенмен, ол «Астана» жейдесінде 100 ойын өткізіп үлгерді. Оның 15-ін еурокубоктерде, 10-ын ел Кубогы мен Суперкубогінде және 75-ін Чемпионат аясындағы кездесулерде өткізді.  
Ол осы 100 ойында 18 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

Бас серіктес