fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
Алексей Щеткин: "Алдағы жеті ойынның барлығында жеңіске жету біздің басты міндетіміз"
"Астана" шабуылшысы Алексей Щеткин Vesti.kz тілшісіне арнайы сұхбат беріп, "Тобылға" қарсы жеңіс, жаңа бас бапкер Андрей Тихонов туралы пікірімен бөлісті. Қазақстан құр
23 қаз 2020

- Алексей, бұл қиын ойын болды, дегенмен сіз осы маусымдағы чемпионаттағы екінші голыңызды соқтыңыз. Психологиялық тұрғыдан бұл команда үшін ғана емес, сіз үшін де маңызды жеңіс деп айта аласыз ба?
- Мен наурыз айынан бері бірде-бір толық ойын өткізбедім, сондықтан кез-келген шабуылшы сияқты гол соғып, командаға көмектескім келді. «Астана» бүгін мықты командағы қарсы кездесуде үш ұпайға қол жеткізді, ал кімнің гол соққаны аса маңызды емес.
- Жаңа бапкер - барлық дүниеге деген жаңа көзқарас, жаңа тәсіл. Тихонов нақты не өзгерткенін айта аласыз ба?
- Андрей Валерьевичтің командамен жұмыс жасап жатқанына бес күн ғана болды, сондықтан жаһандық өзгеріс туралы айту өте қиын. Әрине, кез-келген жаттықтырушы сияқты, оның жаттығу процесіне деген өзіндік көзқарасы бар, доппен көбірек жаттығулар жасай бастадық, әсіресе ойын құру барысына көп көңіл бөлуге тырысып жатыр.
- Чемпиондық тартыстың әлі де жалғасатынына сенесіз бе?
- 8 ұпай айырмашылық тұрған кезде мүмкіндіктер туралы айту өте қиын, барлығы тек қана бізге байланысты емес. Алдағы 7 ойынның барлығында жеңіске жету біздің басты міндетіміз.

 

Бас серіктес