kz

RU
EN
KZ
Андрей Тихонов: «Табанды қорғанысқа қарсы ойнау қиын болды»
16 там 2021

«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов «Ақтөбемен» өткен матчтың (1:1) нәтижесіне түсініктеме берді.

– Бірінші таймда жақсы тәсілдерге ие бола отырып, голды тез жіберіп алдық. Тек бірінші таймда бізге екі рет соққы берді, олардың бірі гол болып соғылды. Әрине, сен ойнап жатқанда, қарсыластың жабылып қалғаны жағымсыз, мұндайда қорғанысты ашу өте қиын. КуПС-пен соңғы ойыннан кейін ойыншылар қатты күйзелді. Біздің жігіттер үшін қиын сәт болды, оған қоса бүгін бірнеше футболшы ойнамады және екі команда да толық емес құрамда ойнады. Сондықтан физикалық және психологиялық тұрғыдан біршама қиын болды, сол себепті олар өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмаған болар. Сонымен қатар, Барсегян, Педро және Битри болмады, Бейсебеков пен Эбонг сары карталардың көп болуына байланысты ойнаған жоқ. Сондай-ақ біздің орындықта тек жастардың отырғанын көрдіңіздер.

Табанды қорғанысқа қарсы ойнау қиын болды. Әрі қарай біз ашылып, алға жүріп, қарсы шабуылға тап болдық. Жігіттердің шыдағаны жақсы болды, тең ойынмен топтың шығуына ықпал етті.

Бас серіктес