kz

RU
EN
KZ
Андрей Тихонов: «Команда гол соққаннан кейін тоқтаған жоқ, біз тек жеңісті ойладық»
06 сәу 2021


«Астана» ел біріншілігінің үшінші туры аясында «Тобылмен» ұпай бөлісті. Кездесу және жалпы команда туралы елордалық команданың бас бапкері Андрей Тихонов айтып берді:
- «Тобыл» сияқты біздің командамыздың жартысы ұлттық құраманың ойыншыларынан құралған. Өзінің ұлттық құрамалары үшін ойын өткізген футболшылар клубқа әртүрлі физикалық, психологиялық және эмоциялық жағдайда оралады. Осыған ұзақ қашықтықтағы әуе қатынасы мен сағаттық белдеудегі айырмашылықты қосыңыз. Бұл тұрғыда қостанайлықтарға біраз жеңіл болды, себебі олардың футболшылары Қазақстан құрамасында ұқсас тактикалық схема бойынша ойнайды. Бізге келсек, жастарды қоспағанда, Черногория, Армения, Беларусь құрамаларында доп тебетін ойыншылар бар, ал Макс Эбонг болса, клубтағыдай емес, басқа позицияда ойнайды. Мәселен Абзалды алайық, ол ұлттық құрамамен кетіп, 18 күнде тек бір матч ойнады, сондықтан ойынға дұрыс ілесе алмады, ал соңғы үш-төрт күнде өзін нашар сезінді. Томасов та үзілістен кейін денсаулығына байланысты 3 күн бойы жаттыққан жоқ. Айымбетов қатарымызға енді ғана қосылып, тек матч алдындағы жаттығу өткізді. Сондықтан «Тобыл» барынша жинақы көрінді, ал біз қарапайым жағдайларда көп қателік жібердік. Қарсылас сондай қателіктердің бірін пайдаланып, есеп ашты. Ойынды жақсы бастап, бірнеше мүмкіндігіміз болды, сол кезде гол соққанда, матч басқаша аяқталатын еді. Ең бастысы, команданың гол соққаннан кейін тоқтамай, жеңіске ойнағаны ұнады.
- Команданың жаңа ойыншысы Абат Айымбетовтың ойынын қалай бағалайсыз?
- Оның маусым бойы командаға берері мол, бірақ ол ұзақ уақыт ойнамады. Абат 4 айдың ішінде ұлттық құрамамен Украинаға қарсы бір ғана матч өткізді. Сондай-ақ кеше негізгі құрамда алғаш рет Валерий Чуперка ойнады. Жалпы біздің команда 50-60%-ға жаңарды, сондықтан қазір команда енді қалыптасып жатыр. Әлі көп жұмыс істеу керек.

Бас серіктес