fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
Андрей Тихонов: «Бізді қиын матч күтіп тұр, алайда жеңіс үшін ойнаймыз»
29 шіл 2021

«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов «Ариспен» ойын алдындағы пікірімен бөлісті. 

— Ойынға дайындалудамыз. Біз алты сағаттық қиын жолды еңсеріп келдік, оған қоса үйреншікті уақытымыз үш сағатқа артқа өзгерді. Сонымен қатар, футболшыларға физикалық тұрғыда қиын болады: +38 градус ыстық, дегенмен ертең жігіттердің әлеуеті жақсы болады деген сенімдеміз, себебі олар бұл ойынның қаншалықты маңызды екенін біледі. Оған қоса, стадионға 10 мың жанкүйер келеді деп күтілуде, сондықтан «Ариске» үлкен қолдау білдіреді. Және біз Грекияда өздерінің клубтарын қалай қолпаштайтынынан хабардармыз. Бізді қиын ойын күтіп тұр, алайда біз жеңіс үшін ойнайтын боламыз. 

— Грекиялық журналистерден сұрақ. Алғашқы кездесуден кейін «Астана» 2:0 есебімен алға шықты. Сіздің командаңызды аталмыш ойынның фавориті деуге болады ма?  

— Мен бұлай айта алмас едім. Бұл жерде 50 де 50 деп есептеймін, өйткені «Арис» — өте жақсы команда. Бірінші матчта да олардың гол соғатын сәттері болды, ал біз жайлы айтар болсақ, бізге оңайға соқпайды, тағы да қайталаймын, мүмкіндік 50 де 50.

Бас серіктес