fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
Андрей Тихонов: «Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын, үш ұпай жинадық»
«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов «Ақжайыққа» қарсы матчтың қорытындысына қатысты пікір білдірді (1:0).
26 шіл 2021

 

— Андрей Вальерьевич, оңай болмаған матчтағы жеңістеріңізбен құттықтаймыз. Бүгінгі ойында жеңісті қалай алдыңыздар?
— Абат Аймбетовтың маңызды голының арқасында. Иә, бүгін бізде кей жерлерде сәтіміз болмады: аралас құрам ойнады, ойынға «Ариспен» болған матчтан кейін толық қалпына келмеген футболшылар шықты. Біз оларды қатты жүктегіміз келмеді, бірақ шабуыл тобы араласуы керек еді, ал негізгі жүктеме үш жартылай қорғаушы мен екі шеткi қорғаушыға түсті — біз оларға демалуға уақыт бердiк.

Жарко матчты толық ойнап шықты, біз оны өзгерткіміз келді, бірақ ауыстыратын адам болмады. Екінші таймда жас ойыншылар кɵп жүгiрiп, аяқтары шаршай бастаған кезде ауыстырулар болды. Бірақ үш ұпай жинап, жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Иə, проблемалар мен кемшiлiктер бар, бірақ жігіттердің берiспегендерiңе қуаныштымын.

Жас ойыншылар бірінші таймда жақсы ойнады: Басманов, Прокопенко және басқа да жiгiттер. Ең бастысы – үш ұпай жинау. Бізде келесі матчтың алдында футболшылардың физикалық жағдайы сәл өзгеше болатын сәт бар: біреу ойнады, біреу ойнамады, бірақ біз бүкіл команданы жақсы жағдайда ұстауға тырысамыз.
 

— Әрі қарай Грециядағы күрделi матч. Біліктіліктің үшінші раундына өту үшін команда не істеуі керек?
– Тек жеңіс үшін ойнау керек. Ешбір жағдайда тең ойнап, қақпаны қорғап отыруға болмайды. Тең түсу туралы ойлаған кезде кез келген минутта бəрi ɵзгерiп кетуi мүмкін екенін бiз жақсы түсінеміз.

Бас серіктес