kz

RU
EN
KZ
Андрей Тихонов: «Жігіттер бізде тек мүмкіндіктердің ғана жақсы екенін түсінеді»
«Астана» 15-ші тур аясында «Оқжетпесті» 5:1 есебімен жеңді. Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Андрей Тихонов кездесу туралы пікірімен бөлісті:
26 қаз 2020

- Баршаңызды бүгінгі жеңіспен құттықтаймын! Команда бірінші таймда бапкерлер құрамының берген жүктемесін толықтай ұстанды. Команданың функционалдық дайындығы дұрыс болмағандықтан, біз әлі де толықтай 90 минут ойнауға дайын емеспіз, нәтижеге жеке шеберліктің арқасында қол жеткіздік десем болады. Екінші таймда жігіттердің шаршағаны байқалды, оған қоса бізде жарақат алған ойыншылар өте көп, біздегі жағдай осы. Дегенмен, бірінші таймда біздің жаттығу жұмысы барысында көрсеткен дүниелердің барлығын жасыл алаңда жүзеге асырған футболшыларыма алғыс айтқым келеді.
- Сіз бүгін екінші таймда жас ойыншыларға мүмкіндік бердіңіз. Бұл алдын ала жоспарланған шешім ба, әлде ойын нәтижесіне байланысты әрекет еттіңіз бе?
- Бірінші ойыншы алмасуға келер болсақ, Урош алғашқы таймнан кейін ескі жарақатының сыр бергенін айтты. Ол осы жарақатына байланысты жаттығу жасаған жоқ, небәрі бірнеше күн бұрын ғана жалпы топқа қосылған еді. Сондықтан да оны алмастыруға тура келді. Орталық қорғаныс шебіне Юрий Логвиненконы түсіріп, орталық алаңға Дидар Жалмұқанды шығардық. Ол жігіт өзінің күші жеткенше, яғни 25-30 минут өте жақсы жұмыс атқарды. Жаттығу жасаған бір бөлек, ойнау мүлде басқа. Кездесу соңында жастар алаңға шықты, жақсы ойнады, олар да мақтауға тұрарлық.
- Бүгін барлығы көрген футбол команданың орындауында көргіңіз келетін футболға қаншалықты сәйкес келеді?
- Егер ойын есебіне көз салсақ, әрине, ары қарай да осылай болғанын қалар едім. Ал егер ойынның мазмұнына келер болсақ, онда жігіттер бізде әзірге тек мүмкіндіктердің ғана жақсы екенін түсінеді.

Бас серіктес