kz

RU
EN
KZ
Андрей Тихонов: "Матчтың есебі ойынға мүлдем сәйкес келмейді"
10 ақп 2021

 

 

"Астана" Түркиядағы оқу-жаттығу жиыныны аясында алғашқы матчын өткізді. Елордалық клуб "Химки" клубымен болған кездесуде 1:4 есебімен жеңіліске ұшырады. Команданың бас бапкері Андрей Тихонов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында матч туралы және жастарға берілген мүмкіндік жайлы әңгіме қозғады:

 

- Мен командаға өте ризамын. "Химки" жақын арада Ресей кубогінде ойнайды және олардың маусым алдындағы дайындықтары аяқталып қалды, біз үш күн ғана жаттығу жасадық, команда жақсы ойнады. Матчтың есебі ойынның қалай болғанын мүлдем көрсетпейді, бізде гол соғатын мүмкіндіктер көп болды, тіпті бірінші таймда гол соқтық, бірақ төреші есепке алмады. Екінші таймда олардың шабуылшысы офсайдта болғанымен, біздің қақпаға пенальти белгіленді. Біз бар күшімізбен шабуылдадық, бірақ жылдам шабуылдардың кесірінен екі гол жіберіп алдық. Мен мүмкіндіктер тұрғысынан қарағанда ұтылмауымыз керек деп ойлаймын, бірақ бұл тек оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы матч, біз нені жақсарту керек екенін көреміз, алға ұмтыламыз, ойынды жетілдіреміз.

 

Өкінішке орай, бізде кадр мәселесі бар, сондықтан қазір бізде бір ғана орталық қорғаушы бар - Томашевич, біз бұл позицияда Абзал Бейсебековті ойнатуға мәжбүр болдық. Форвард та жоқ, Прокопенко жарақат алды, ал бізде жалғыз Каримов қалды.

 

- Бүгін жас футболшылардың көбісі ойнауға мүмкіндік алды, олар өздерін қалай көрсетті?

 

- Шынында да, негізгі құрамда клубтың үш тәрбиеленушісі - Сағи Совет, Мәди Жақыпбаев, Сұлтан Сағнаев шықты, бұл тізімге 21 жастағы Эбонгты қосыңыз. Екінші таймда біз барлық жас футболшыларға мүмкіндік бердік - Мейрамбек Қалмырза, Лев Скворцов, Жасұлан Қайыркенов, Рамазан Каримов. Барлығы 7-8 жас ойыншы алаңға шығып, Ресей Премьер-лигасының командасына қарсы ойнап, тәжірибе жинады. Олар ойнауды жалғастыра ма, жоқ па, тек өздеріне, жаттығу процесіндегі жұмыстарына байланысты.

Бас серіктес