kz

RU
EN
KZ
Антонио Рукавина: «Жүлдеге таластағы тікелей бәсекелеске қарсы ауыр ойын болды»
«Астана» 14-ші тур аясында «Тобылды» 1:0 есебімен жеңді. Кездесу соңында елорда командасының қорғаушысы Антонио Рукавина жаңа бас бапкер және өзінің жағдайы туралы айтып берд
23 қаз 2020

- Жүлдеге таластағы тікелей бәсекелеске қарсы ауыр ойын болды. Бүгін жарқын ойын үлгісін көрсетпесек те, маңызды үш ұпайға қол жеткіздік.
- Сіз жарақатыңызға байланысты ұзақ уақыт алаңға шыққан жоқсыз. Қазіргі жағдайыңыз қалай?
- Жасыл алаңға оралып, командаға көмектескеніме өте қуаныштымын. Қазір барлығы жақсы, алдағы бірнеше ойыннан кейін өз бабыма тез келемін деп ойлаймын.
- Команда тізгініне жаңа бас бапкер келді. Ол бес күн ішінде командамен байланыс орнатып үлгерді ме?
- Тихоновтың футболдағы тәжірибесі өте мол, ол футболды өте жақсы түсінеді, оның ойынға деген өз көзқарасы бар. Команданың қалай ойнау керек екенін бізге жеткізуге тырысып жатыр. Команда осы аптада бірде-бір рет толық құрамда жаттығу жасамағанын ескерсек, бес күнде бір нәрсені өзгерту өте қиын.

Бас серіктес