kz

RU
KZ
Арсен Іңкәрбеков: "Бізде біраз жаңалық бар»
29 жел 2020

​Пандемия салдарынан туындаған карантинге байланысты іс жүзінде ресми жарыстарсыз өткен 2020 жылғы футбол кәсіби спортшылар үшін де, балалар футболы үшін де оңайға соқпады.

​"Астана" футбол орталығының басшысы Арсен Іңкәрбеков ауыр жылды қорытындылады:

- Әрине, футбол орталығының жұмысына пандемия әсер етті, соның салдарынан орталық екі рет онлайн жұмыс істеуге де көшті. Бұл жас футболшылардың дайындығына, жаттығу процесінің құрылымына да әсер етті.    Футбол орталығында жаттығулар жоспарлары циклмен, апта сайын, ай сайын жоспарланғанына қарамастан, бір нәрсені жоспарлау өте қиын болды, өйткені локдаун бір емес, екі рет жарияланды. Дегенмен де, біздің жұмыс тоқтап қалған жоқ, бапкерлер штабына да, ойыншылармен де жеке жұмыстар жүргізіп, оларға онлай сабақтар өткізіп тұрдық.  40 сағаттан астам теориялық сабақтар, психологтармен жұмыс жүргізілді. Карантин аяқталғаннан кейін балалар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, екі жерде өткен жаттығуларға барып келді. Турнирлер тоқтатылды, бірақ жыл соңында біздің 2003-2004 жылдары туған балалардан құралған  командамыз ҚР біріншілігіне қатысып, "Қайраттағы" құрдастарынан ұтылып, екінші орын алды. Біз қазіргі уақытта алматылықтармен тең дәрежеде бәсекелесу өте қиын екенін түсінеміз, өйткені ол балалар жыл бойы сонда тұрып,  жаттыға алатын Академия ғой, олар   балаларды барлық өңірден шақыру мүмкіндігіне ие. Турнирдегі ойындардымызға талдау жасадық, 2004 жылғыларды байқап  көрдік және менің білуімше, осы команданың кем дегенде 8 футболшысы жаттығып жатыр және келесі маусымда қосымша құрамға қосылады деп жоспарланған.

- Барлық қиындықтарға қарамастан, осы жылы орталықтың жұмысына жаңа нәрсе енгізе алдыңыздар ма?

- Жас буын үшін жаттығу күндерін азайттық, осыған байланысты жаттығу сағаттары артты. Біздің басымдықтарымыздың бірі кіші топтардағы жаттықтырушылар санын арттыру болды. 12 жасқа дейінгі топтарда әр жаттығу сабағында кемінде 4 жаттықтырушы жұмыс істейді. Бұл әр баланың топтық және жеке топтардағы толық жұмыс істеуі үшін өте маңызды. Біз тактикалық жағынан да, техникалық жағынан да білімді, жеке басы мықты, ақылды және ақыл-ойы тұрақты футболшыларды тәрбиелеуді бірінші орынға қоямыз. 

- Желтоқсан айында кіші топтарға іріктеу өтті. Командаларды жинақтау мүмкін болды ма?

- Желтоқсан айының соңында 2010, 2011, 2012 жылғы кіші топтарға іріктеу  өтті. Біз іріктеуге 170-тен астам өтінім алдық. Іріктеу жаңа форматта өткізілді, балалар физикалық, техникалық және ойын сынақтарынан өтті, олардың нәтижелері бойынша балаларға балдар қойылды. Үздіктер футбол орталығына шақырту алды. Ата-аналарға барлық тестілеу бағдарламасы ұсынылды, бейнежазба жүргізілді, сондықтан біз қорытындыларды ата-аналар үшін барынша ашық болатындай етіп жасауға тырыстық.

- Қазір балалар футбол орталығында немен айналысады?

- Қазір балалар демалысқа шықты, әрқайсысына өз бетінше жұмыс істеуге арналған жеке бағдарлама әзірленді. Демалыстан келгеннен кейін жан-жақты медициналық тексеру және тестілеу жүргізіледі. Осыдан кейін әр жас тобы үшін 2021 жылға арналған жұмыс жоспары жасалады.

- Футбол орталығының келесі маусымға қандай жоспарлары бар?

- Біз "Астана" футбол орталығына бейімделген жастар футболын дамытудың жаңартылған бағдарламасын ұсынғымыз келеді. Біздің бағытымызды айқындау үшін және ол үшін не істеу керектігін нақты түсіну үшін бағадрлама  5 жыл мерзімге жасалатын болады. Өкінішке орай, инфрақұрылымға қатысты түйткіл аса ауыр болып тұр, бұл аса маңызды мәселе, бұдан әрі қарайғы дамуымызда негізгі мәселе десе де болады. Алдағы 2-3 жылда клубтың өз базасы, өз академиясы болады деп үміттенемін және біз бұған дайын болуымыз керек. Сондай-ақ, біздің бағдарлама барлық жас топтарында доппен жұмыс істей алуға, қақпадан ойынды бастауға, қысқа, орташа берілістерге, желілер арасындағы өзара әрекеттестікке негізделген бірыңғай стильді білдіретінін атап өткім келеді. Футболшыларды төрт бағытта даярлайтын боламыз-футболшылардың техникалық, тактикалық, физикалық және ақыл-ой жағынан дамуы біз үшін маңызды. Бірақ бұл ретте біздің дамуымыз жас футболшылардың өсуімен ғана емес, жаттықтырушылар штабының біліктілігінің өсуімен де тікелей байланысты екенін түсінеміз, бұл да біз үшін бірінші кезектегі міндеттердің бірі. Бізде талантты және болашағы зор балалар өте көп, және олармен дұрыс жұмыс істелген жағдайда олардың болашағы жақсы болатынына сенімдімін. Сөз соңында келе жатқан 2021 жылмен құттықтағым келеді! Биыл бәрімізге оғай болмады, баршаңызға денсаулық, отбасылық амандық тілеймін және келер жылы барлық жоспарларымыз  орындалсын!

Бас серіктес