Қазақстандық маман Арслан Беспаев «Астана» ФК атқарушы директоры қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшелерінде, Алматы қаласының қаржы басқармасында және Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеген. 2019 жылдан 2022 жылдың наурызына дейін «Астана» футбол клубының бөлімдерінің бірінде басшылық қызметте болды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде білім алған.