kz

RU
EN
KZ
«Астана-2003» - Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері
19 қар 2020


 
Шымкентте 2003 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында футболдан Қазақстан Республикасы Біріншілігі аяқталды. 
 
«Астана» алдын ала іріктеу кезеңінде «Қайсар» және «Қызыл-Жар СҚ» командаларына қарсы ойнап, сенімді жеңіске жету арқылы финалдық кезеңге шыққан болатын. 
 
Вячеслав Прокопенко мен Владимир Глевич шәкірттері финалдық төрттік арасында «Оңтүстік Академия» және «Ордабасы» командаларын жеңіп, «Қайратқа» ғана есе жіберіп, 6 ұпай еншіледі. Нәтижесінде, екінші орынды иеленіп, ҚР Біріншілігінің күміс жүлдесіне ие болды. 
 
Сондай-ақ, елорда командасының қақпашысы Константин Оноприенко турнир қорытындысы бойынша үздік қақпашы атанды.

Бас серіктес