kz

RU
EN
KZ
«Астана-2010» – «Жас Қыран» біріншілігінің чемпионы
08 қар 2021

Алматы қаласында 2010 жылғы футболшылар арасында өткен «Жас Қыран» республикалық турнир мәресіне жетті.

«Астана» клубының тәрбиеленушілері өз жолын топтық кезеңнен бастады: «Тобыл» (1:0) мен «Таразды» (1:0) жеңіп, «Ақтөбемен» (0:0) тең түсті. Жартылай финалда елордалық балалар «Жұлдыздан» (3:2) басым түссе, финалда Түркістандық ОРМБЖСМ құрамымен кездесіп, турнир алтынына қол жеткізді (5:1). Турнирдің үздің қақпашысы Нұрсұлтан Солтанғазы деп танылса, үздік шабуылшы атағына Тамерлан Сарсембаев ие болды. Команданың бас бапкері Кирилл Малиев, ал бапкердің көмекшісі Денис Овсянников.

«Турнир сәтті өтті, біздің ойыншылар осындай республикалық турнирге қатысу арқылы баға жетпес тәжірибе жинады. Өз футбол орталығымыздың ойын стилін ұстанып, допты қарсыласқа бермей ойнауға тырыстық. Осылай алтынға қол жеткіздік.

Бас серіктес